Әйелдер үшін ең қолайлы ел анықталды
Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Американдық US News & World Report журналы сауалнама негізінде әйелдер үшін үздік елдердің рейтингін жасады. Оған әлемнің 80 елінен 9 мыңнан аса әйел қатысты, – деп хабарлайды Еuropulse.
Швеция әлемде әйелдер үшін ең қолайлы мемлекеттер рейтингінде (Best Countries for Women) көш бастады. Екінші орында Дания тұр, ал үшінші орынға Канада жайғасты.
Рейтинг мәліметінше, бұл елдер денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, экономика және саясат салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігін жақсы қамтамасыз етеді.
Рейтингтің бірінші ондығында Еуропаның 5 елі болды: Швеция мен Даниядан басқа, бұл Нидерланды (5-ші орын), Финляндия (6-шы) және Германия (10-шы орын). Рейтингке барлығы 80 ел кірді, Қазақстан 59-шы орынға тұрақтады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл