ЕЭО елдері арасында инфляция деңгейі ең жоғары ел – Қазақстан

15:12, 18 қаңтар 2018
596

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында 2017 жыл қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Қазақстанда тіркелген – 7,1 пайыз.  Бұл туралы  Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Инфляция деңгейінің ең төменгі көрсеткіші Ресейде және Арманияда – 2,5 пайыз бен 2,6 пайыз. Ал, Қырғызстанда көрсеткіш  – 3,7 пайыз құраса, Беларусияда  – 4,6 пайыз.

«2017 жыл қорытыныдысы бойынша мүше мемлекеттер үшін инфляция деңгейінің шекті мәні 7,5 пайыз болды. Инфляция одақ елдерінде ЕЭО туралы құрылған келісім бойынша бекітілген сандық мәнінің шегінен аспады», – деп хабарлады ЕЭК.

ЕЭО елдерінің үшеуінде  – Беларусия, Қазақстан және Ресей  – тұтыну бағаларының өсу қарқыны төмендеді. Осылайша, макроэкономика көрсеткіштерінің ең маңыздыларының бірі  – инфляция деңгейі  – макроэкономикалық тұрақтылық аймағында орналасқан. Ал Армения мен Қырғызстанда  дефляция – экономикалық белсенділік пен ішкі сұраныстың қалыпты өсуін түзету нәтижесінде, қалпына келді.

Барлық мүше мемлекеттер ел деңгейінің ЕЭО туралы Шартпен белгіленген инфляцияның ең жоғары сандық мәніне сәйкестігін қамтамасыз етті – 107,5 пайыз.  Сонымен қатар, осыған ұқсас нәтиже Белоруссияда кәсіподақтың жұмыс істей бастағандығынан бастап алғаш рет қол жеткізілді», – деп атап көрсетті ЕЭК.

Қания Табыс

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!