ЕАЭО-та көлік құралдарының электрондық төлқұжатын енгізеді

18:21, 17 сәуір 2019

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz  – 2019 жылдың 1 қарашасына қарай ЕАЭО елдері көлік құралдарының электрондық төлқұжаттардың бірыңғай жүйесіне көшуі тиіс, деп хабарлайды Алматы қаласы МКД баспасөз қызметі.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу бойынша алқа мүшесі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегң Салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімдеді.

«Көлік құралдарының электрондық төлқұжаттарын (КҚТ) енгізу жөніндегі келісімде көзделгендей, толық форматты, тиісті жүйені пайдалану — ЕАЭО-ның барлық қатысушылары электрондық КҚТ-ын ресімдеуді және өздерінің ұлттық сегменттерінде автомобильдерді тіркеу кезінде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз еткенде басталады», – деп атап өтті Назаренко.

Қазір Ресей тарапы электрондық КҚТ-ын пайдалануға барынша дайын екендігін көрсетіп, іс жүзінде барлық рәсімдерді аяқтады. «Электронды төлқұжат» АҚ жүйелерінің әкімшісі биылғы жылдың желтоқсанына қарай жүйелердің ресейлік сегменті айына 170 мың автотөлқұжатты рәсімдей алатынын хабарлады.

Сондай-ақ, Ресейде 2019 жылдың қараша айынан бастап уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ автокөлік өндірушілер мен олардың ресми өкілдері тек электрондық КҚТ-ын тіркейтін болады. Одақтағы жаңа көлік құралдарының жалпы нарығы жылына 2,3 млн автомобильді құрайды.

Айта кетейік, электрондық төлқұжаттар ЕАЭО елдерінде автокөлік иелері үшін «ауыртпалықсыз» енгізіледі. Олар КҚТ-ын қалауынша пайдалана алады.

Жаңа төлқұжаттар міндетті түрде электронды түрде берілетін болады. Кеңес қорытындысы бойынша, мемлекеттік органдар комиссияны тарта отырып, мүше мемлекеттерде электрондық төлқұжаттардың ұлттық жүйелерінің дайындығына ай сайын мониторинг жүргізуге уағдаласты. Бұл тараптардың электрондық КҚТ-на көшу мүмкіндіктерін жақсы түсіну үшін қажет.

Көлік құралының электрондық төлқұжаттарына толық көшу көлік құралдарының өзара ауысуын және оларды азаматтарға тіркеу рәсімдерін жеңілдетеді. Сондай-ақ, жүйе қатысушыларына техниканың өмірлік циклін бақылауға, ал мемлекеттік органдарға – ЕАЭО-ның барлық елдерінде бірыңғай форматтағы сенімді деректер базасын пайдалануға мүмкіндік береді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!