Джулиан Ассанж 175 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

09:44, 24 мамыр 2019
256

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — АҚШ-ның сот билігі Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжға тағы 17 тармақ бойынша қосымша айып тағу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Америкалық БАҚ атап өткендей, барлық жаңа айыптаулар АҚШ қорғанысына қатысы бар мәліметтерді заңсыз алумен және жариялаумен байланысты. АҚШ Әділет министрлігінің мұндай қадамы Ассанжды Ұлыбританиядан экстрадициялау жағдайында айтарлықтай қатал жазаға әкелуі мүмкін.

Әрбір пункт бойынша оған 10 жыл түрмеге қамау қаупі төніп тұр. Ал Ассанждың бұрын белгілеген қылмыстарын ескерсе, жалпы алғанда 175 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін.

«Кінәлі деп танылған жағдайда оған компьютерлік бұзу (бұрын тағылған айып) мақсатында қастандық жасауды қоспағанда, әрбір тармақ бойынша он жыл бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза тағылады», — деп хабарлады АҚШ Әділет министрлігі.

Дегенмен, америкалық тарап әлі күнге дейін Wikileaks-тің негізін салушыны Пентагонның компьютерлік желісін бұзу әрекеттеріне қатысқаны үшін ғана соттауға ниет білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ассанж Британдық түрмеде жаза мерзімін өтеп жатыр. Тиісті шешім қабылданса, АҚШ-на берілуі мүмкін.

Жаңа айыптауларға түсініктеме бере отырып, Wikileaks-те Вашингтон тарапының сөз және баспасөз бостандығын бұзуы туралы мәлімдеді

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!