Джорж Буштың әйелі қайтыс болды

13:05, 18 сәуір 2018

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джорж Буштың әйелі әрі Американың 43-президенті кіші Джорж Буштың анасы Барбара Буш 92 жасында қайтыс болды деп жазады ABC News.

ABC News-тің хабарлауынша, 15 сәуір күні Буштар отбасы өкілдері оның ауруханадағы емделу процессін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан соң Барбара Буш дүниеден озған. Экс-президенттің әйелі соңғы уақытта жүрек сырқаттарымен ауырған еді.

Барбара Буш 1989 жылы Джорж Буштың президент сайлауында жеңіске жеткен соң Американың бірінші ледиі атанды.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!