Джефф Безос қайтадан әлемдегі ең бай адам атанды

10:18, 22 қаңтар 2020

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz — Америкалық Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос әлемнің ең бай адамдарының тізімінде қайта көш бастады. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады.

Безос бұл рейтингте үш күн бойы Францияның LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) компаниялар тобының бас директоры Бернар Арноға жол беріп, екінші орынға орналасты.

Forbes мәліметтеріне сәйкес, Безостың байлығы қазір 116,1 миллиард долларды құрайды. 17 қаңтардан бастап Amazon акцияларының өсуі компания басшысының жағдайының 489 миллион долларға өсуіне алып келді.

Ал Арно осы кезең ішінде 3,7 миллиард доллар жоғалтты, оның байлығы 112,9 миллиард долларға бағаланады. Бұл ретте LVMH акциялары сейсенбі күні 1,1%-ға төмендегенін атап өту керек. Компания акцияларның құлдырауына ҚХДР-да Қытай жаңа жылы қарсаңында туризм мен саудаға теріс әсер ететін жаңа коронавирустың пайда болуы себеп болды.

Журнал мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 16 желтоқсанда Арно әлемдегі ең бай бизнесмендердің тізімінде алғаш рет көш бастады. Оның байлығы бір күнде 1,8 миллиард долларға артып, 109,6 миллиард долларға жетті, бұл сол кездегі байлығы 109,5 миллиард долларды құраған Безосты басып озуға мүмкіндік берді. Алайда, LVMH бас директорының нәтижесі тек бірнеше минутқа ғана бірінші орынды ұстап тұруға жетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!