Дүкендер жарты жылда шамамен 5 трлн теңгеге тауар сатты

18:15, 15 шілде 2019
298

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда айналымы 4,9 трлн теңгені құрап, 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға артты.

Жалпы сауда көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 32,5%-ды (шамамен 1,6 трлн теңге), ал азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 67,5%-ды (шамамен 3,3 трлн теңге) құрады.

Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату 5,8%-ға, ал азық-түлік емес тауарларды сату 5,3%-ға өсті.

Жарты жылда ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 55,8%-ды (2,7 трлн теңгеден астам), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі 44,2%-ды (2,2 млрд теңгеге жуық) құрады.

2019 жылдың басынан бастап елдегі көтерме сауда 10,7 трлн теңгеден (өсім 8%) асты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!