Досаев: Қазақстанның ұлттық төлем жүйесі әзірленеді

10:31, 28 қаңтар 2020
638

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев хабарлады.

Оның айтуынша, бұл көлеңкелі экономикамен күреске және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыруға байланысты.

«Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу агенттігімен және Үкіметпен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді. Ол барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді негізде құрылады», – деді Досаев.

Бұдан басқа, қадағалау ведомствосы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін 2020-2025 жылдарға арналған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі тұжырымдаманың жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Сондай-ақ, тікелей инвестицияларды тарту туралы нақты көрініс алу үшін Ұлттық Банк 2020 жылдың сәуірінен бастап тоқсан сайын мұнай-газ саласын ескерусіз инвестициялардың түсуі туралы статистиканы жариялайды», — деді ол.

Бұл ретте Досаев 2020 жылдың наурыз айының соңына дейін 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты стратегиясының жобасын әзірлеуге уәде берді.

«Сараптамалық қоғамдастықпен талқыланған соң және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін жоба осы жылдың 1 шілдесіне дейін Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынылады», – деп атап өтті ҰБ төрағасы.

Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру мәселесіне келер болсақ, наурызда Үкімет, Ұлттық Банк пен АФР арасында келісім жасалады деп күтіледі.

Досаевтың айтуынша, келісімде азық – түлік нарықтарында бәсекелестікті арттыру және реттелетін қызметтерге тарифтерді тиімді бақылау бойынша шаралар көрініс табуы тиіс.

Бұдан басқа, ол құжатқа мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту және екі және бес жылдық облигациялар шығару мәселелерін енгізуді ұсынады.

«Сондай-ақ, экспортты және импортты алмастыруды одан әрі әртараптандыру, банкроттық рәсімдерін жетілдіру, атап айтқанда оның тиімділігін арттыру үшін банкроттық рәсімдерін жүргізу мерзімдерін шектейтін «бір теңге — бір дауыс» қағидатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі», деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Валюталық нарықтың теңдестірілген дамуын қамтамасыз ету және Қазақстанға шетелдік капиталды тарту бойынша жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк ҚРА-мен бірлесіп, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің нарықтық инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.

«Бұл, бір жағынан, қаржы ұйымдарының теңгерімінде валюта қаражатын ұлттық валютада экономиканы кредиттеуге қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, шетелдік инвесторлар үшін валюталық тәуекелдерден қорғау құралы пайда болады, бұл түпкі нәтижесінде негізгі капиталға инвестиция көлемін ЖІӨ-нің 30%-на дейін жеткізуге ықпал етеді», — деп атап өтті Досаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!