Досаев қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеру туралы айтты

12:35, 13 қараша 2019

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қаржы министрлігінің қазақстандықтардың ақша аударымдарын бақылау жөніндегі ұсынысына түсініктеме берді.

Оның пікірінше, Қаржы министрлігінің бұл шарасы бюджет кірісін арттыруға бағытталған.

«Менің ойымша, Қаржы министрлігі салық салғысы келмейді, бірақ бұл төлемдер бойынша салық төленгенін көргісі келеді. Сондықтан біз, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, мәселені шешеміз. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің ұлғаюы бюджет кірістерінің ұлғаюымен қатар жүруі тиіс деп санаймын. Бұл қалыпты жағдай, себебі ақша көлеңкеден шығады немесе көлемі өседі», — деді Досаев Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, ол үкімет пен Ұлттық банктің көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі бірлескен жұмысы қосымша табыс алу түрінде оң нәтижелерге алып келгенін атап өтті.

«Бұл әзірге Қаржы министрлігінің ұсынысы. Ол банк қауымдастығымен де талқыланып жатыр. Бұл тек kaspi төлемдеріне ғана қатысты емес. Бұл банк ең жетілдірілген жүйелердің бірін енгізіп жатқан шығар. Бұл P2P, яғни жүйенің ішіндегі төлемдер мәселелері. Банк бұған дейін Қаржы министрлігімен бірлесіп арнайы — POS-терминалдарды енгізу бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін жариялады. Бұл жалғасуда. Мұнда сұрақтар тек kaspi ғана емес, барлық банк секторына қатысты», — деп атап өтті Досаев.

Бұдан басқа, Ұлттық банк басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай валютасы туралы сұраққа жауап берді.

«Шартта тікелей жазылған: экономикалық одақ құру идеясы болды, бірақ валюталық одақ құруды көздемейді. Сондықтан мен бұл мәселе талқыланып жатқанын түсінемін. Маған да арнайы әр түрлі формада, әр түрлі форматтарда беріледі. Мен айтып отырмын: бірыңғай валюталық одақ пен бірыңғай валюта құру келісімде көзделмеген. Ұлттық банк реттеуші ретінде бүгін және болашақта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп ақша-кредит саясатын жүргізу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы қажетті шараларды қабылдау және тағы басқалары үшін толық өкілеттікті сақтайды. Барлық қаржылық егемендік ЕАЭО-тың әрбір қатысушысында сақталады», — деді Досаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!