Досаев: Елде ет пен нан бағасы қымбаттайды

11:26, 13 желтоқсан 2019

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Еуразиялық экономикалық одақ бойынша жаңа талаптардың енгізілуі аясында азық-түлік тауарларының кейбір түрлерінің бағасы көтеріледі деп күтіліп отыр.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, қарашада жылдық инфляция күткен деңгейден төмен болып, 5,4%-ды құрады.

«Қысқа мерзімді кезеңде ЕАЭО бойынша жаңа талаптардың енгізілуі аясында астық дақылдары мен сүт өнімдерінің қымбаттауы нәтижесінде азық-түліктің жекелеген түрлеріне, атап айтқанда ет пен нанға бағалар өсуі мүмкін», — деді ол.

Сонымен бірге, Досаевтың айтуынша, инфляцияға ең көп үлес азық-түлік тауарлары тарапынан келіп жатыр, олар бір жыл ішінде 9,7%-ға қымбаттады.

«Нан өнімдері мен жарма бағасының 15,5% -ға, ет және ет өнімдерінің 13,4%-ға, балық және теңіз өнімдерінің 12,2%-ға өскені байқалады. Азық-түлік емес тауарларға бағаның өсуі өткен жылғы желтоқсанда 6,4%-дан 2019 жылғы қарашада 4,8%-ға дейін баяулады, негізінен бензин бағасының 4,5%-ға төмендеуі есебінен. Ақылы қызметтер тарифтерінің өсуі шамалы – жылдық мәнде 0,6%-ды құрайды», — деп нақтылады елдің бас банкирі.

Инфляцияның негізгі тәуекелдері — халық табысының өсуі аясында ішкі сұранысты кеңейту және фискалдық ынталандыруды сақтау. 2019 жылдың соңына дейін Ұлттық банк инфляция деңгейін 5,5-тен 5,7%-ға дейін бағалайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!