«Dombyra» телеарнасы ашылады

14:51, 21 ақпан 2019

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан Баспасөз клубында «Dombyra» телеарнасының іске қосылуына арналған баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз мәжілісіне Zhuldyz TV Media құрылтайшысы Жаңылбеков Смайл Елшібайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев және «Dombyra» телеарнасының директоры Қанат Ержігітов қатысты.

«Dombyra» телеарнасы – қазақ халқының  рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна болуды көздейді», – дейді телеарнаның директоры Қанат Ержігітов.

«Dombyra» телеарнасы тек Қазақстандық өнімді ұсынып, дәстүрлі аспаптарымызды дұрысынан дәріптейтін Қазақстан тарихындағы тұңғыш телеарна. Оның эфирінде отандық эстраданың бұрынғы өкілдері мен қазіргі заман өкілдерінің үздік жұмыстары көрсетіетін болады.

Телеарнаның басты мақсаты өскелең ұрпаққа жыр, терме, күй,  дәстүрлі әндер,  дәстүрлі музыкалық кештер мен ұлттық әуенімізді жаңартылған, сапалы форматта  тарату.

Телеарнаның миссиясы қарапайым: жастар арасында патриоттылықты қалыптастыру және мәдениетті ілгерілету.

«Dombyra» телеарнасы қазірдің өзінде Қазақстанның кабельдік желілері «IDТV», интернет желісінде YOUTUBE каналы, әлеуметтік желілер арқылы таратылуда.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!