Доллардың бағамы тағы да төмендеді
© Фото: freepik
16 қазан 2025 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталып, АҚШ долларының орташа бағамы 537,84 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,6 теңгеге төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рубльдің бағамы өзгеріссіз қалып, 6,83 теңге деңгейінде сақталды.
Ал юаньның орташа бағамы таңертеңгі сауда кезінде 75,41 теңгені құрап, 0,29 теңгеге арзандады.
Алматы мен Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар 538,3–540,7 теңге, еуро 626–630 теңге, ал рубль 6,69–6,81 теңге аралығында сатылып жатыр.
Сонымен қатар, әлемдік нарықта мұнай бағасы өсім көрсетуде.
Лондондық ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,46 долларға қымбаттап, 62,37 доллар болды.
Нью-Йорктің NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,48 долларға өсіп, 58,75 доллар деңгейіне жетті.
Таңертең Ұлттық банк ресми бағамды келесідей белгілеген болатын:
- 1 доллар – 539,56 теңге,
- 1 еуро – 627,35 теңге,
- 1 рубль – 6,84 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





