Доллар 319 теңгеге дейін түсті

11:05, 16 ақпан 2018
307

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 16 ақпандағы доллардың орташа бағамы 319,32 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 318,49 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320, сауданың аяқталуы кезінде 319,19 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 168 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 271.

Ақша айырбастау орындарында 16 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 323 теңгені құраған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!