Доллар 328 теңгеге дейін төмендеді

11:20, 16 қаңтар 2018

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 16 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 328,05 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 327,55 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 329,10, сауданың аяқталуы кезінде 327,60 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 212 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 291.

Ақша айырбастау орындарында 16 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 330,30 теңгені құраған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!