Доллар 378 теңгеге дейін қымбаттады

11:54, 15 наурыз 2019

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,20 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,45 теңге/$1) ұлттық валюта 0,75 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,60 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,45 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 57 млн 831 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 151.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379,5 теңге, Алматыда – 380,2 теңге.

Ұлттық Банктің 15 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,36 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!