Доллар қымбаттай бастады

12:30, 24 наурыз 2017

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 24 наурыздағы доллардың орташа бағамы 316,56 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 316,15 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 316,70 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 316,63 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 38 млн 200 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 105.

Ақша айырбастау орындарында 24 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 318 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!