Доллар бағамы 387 теңгеге дейін өсті

11:28, 19 қыркүйек 2019

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,32 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,67 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,65 теңгеге арзандады. 

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 387,7 теңге, Алматыда – 389 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 386,77 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!