Доллар бағамы 384 теңгеге дейін құлдырады

11:34, 22 қараша 2019

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11: 00-де 384,67 теңгені құрады. 21 қарашадағы деректермен салыстырғанда (386,68 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 2,01 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 387 теңге, Алматыда — 388 теңге.

Ұлттық Банктің 22 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,44 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!