Доллар бағамы тағы да қымбаттады

11:47, 13 қараша 2019
595

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11: 00-де 389,38 теңгені құрады. 12 қарашадағы деректермен салыстырғанда (388,69 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,69 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 391 теңге, Алматыда — 391,5 теңге.

Ұлттық Банктің 13 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 388,81 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!