Доллар бағамы қайтадан 389 теңгеден асты

12:13, 7 қараша 2019
517

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы(KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11: 00-де 389,50 теңгені құрады. 6 қарашадағы деректермен салыстырғанда (388,77 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,73 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 390,7 теңге, Алматыда — 391,5 теңге.

Ұлттық Банктің 7 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 388,86 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!