Доллар аптаны 326,14 теңге деңгейінде аяқтады

15:40, 20 сәуір 2018
306

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 20 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 326,14 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,95 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 326,46 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 326,35 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 90 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 213.

Ақша айырбастау орындарында 19 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 328 теңгені құраған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!