Депутаттар 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылады

14:24, 9 қазан 2019
339

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Мәжіліс депутаттары ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, құжатта елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталған. Бұл ЖІӨ-нің 3,8% деңгейінде өсуі, мұнай өндіру 89 млнтонна көлемінде. Мұнайдың әлемдік бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетеді. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4,0-6,0% шегінде сақталған.

«Республикалық бюджеттің кірістерін салықтық түсімдер есебінен 95 млрд теңгеге, салықтық емес түсімдер есебінен 83 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Салықтық емес түсімдер дивидендтердің түсімін 50 млрд теңгеге 66 млрд теңгеге дейін және нақты түсімдерді 33 млрд теңгеге ұлғайту есебінен 83 млрд теңгеге ұлғаюда. Жалпы, 2019 жылы республикалық бюджеттің кірісі (трансферттерді есептемегенде) 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды. Түсімдердің түрлері бойынша кірістер құрылымы сақталады. Ең үлкен көлем ҚҚС (2,8 трлн теңге), КТС (2,0 трлн теңге), Халықаралық саудаға салынатын салық (1,5 трлн теңге) құрайды», – деді ҰЭМ басшысы.

Республикалық бюджет тапшылығы бұрын бекітілген деңгейде сақталады — 1 трлн 365 млрд теңге. ЖІӨ-ге қатысты бұл 2,1%-ды құрайды. Мұнайға қатысты емес тапшылық, яғни мұнай кірістерін есептемегенде, ЖІӨ-нің 8,5%-ын немесе 5,5 трлн теңгені құрайды. Дәленовтің бағалауы бойынша мұнай емес тапшылықтың параметрлері белгіленген фискалдық ережелерге сәйкес келеді.

«Нақтылауды ескере отырып, республикалық бюджеттің параметрлері келесідей болады. Түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге артып, 10,7 трлн теңгені құрайды. Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан түсетін трансферттер ұлғаюда. Шығындар табыстың 95 млрд теңгеге ұлғаюына сәйкес ұлғаюда. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн теңгеден асады. Осылайша, түсімдер 10,7 трлн теңгені, шығысдар — 12 трлн теңгені, тапшылық — 1,4 трлн теңгені құрайды», — деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі.

Өз кезегінде Қаржы министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселесін шешу мақсатында әлеуметтік блоктың шығындары 6,7 млрд теңгеге артқанын хабарлады. Сонымен, шығындарды қайта бөлуді ескере отырып, қосымша қаражат АӘК алушылар санының артуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жалғастыруға бағытталды.

Нақты сектордың шығындары 15,6 млрд теңгеге ұлғайды. Қосымша шығыстар өнеркәсіпті қолдауға, ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үй заемдарын беруге көзделген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!