Депутат Ерлан Сағадиевтің бұйрығын сынға алды

14:04, 19 наурыз 2018

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Наталья Жұмаділдаева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің электрондық журналдарды жүргізу тәртібі туралы бұйрығын сынға алды.

Тиісті бұйрыққа сәйкес, сынып журналын жүргізу әрбір мұғалім үшін міндетті саналады. Мектеп электрондық жүйеге қосылған жағдайда сынып журналы тек электрондық форматта толтырылады. Яғни, қағаз түрінде толтырылмайды. Дегенмен де электрондық журнал әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша қағазға басылып, нөмірленіп, мектептің мөрімен бекітіледі.

«Яғни, мұғалім қағаз журналдың қолдан жасалған көшірмесін құрады. Ерлан Кенжеғалиұлы, электрондық журналдық және оның қағаз нұсқасына тыйым салудың мәні неде?», – деді Мәжіліс депутаты министрге қаратып айтқан сауалында.

Министр Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, бұл уақытша шара. Мұғалімдер мәліметтердің сақталуына сенімді болуы үшін осындай ұсыныс жасаған.

«Болашақта мұғалімдер оқушылардың алған бағалары қауіпсіз түрде сақталғанына көздері жеткеннен кейін, біз бұйрықты ауыстырып, осы пунктің күшін жоя аламыз», – деді Білім және ғылым министрі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!