Депозиттік салым көлемі азайды

16:54, 24 наурыз 2017

Жыл басынан бері еліміздегі екінші деңгейлі банктерде жеке және заңды тұлғалардың депозитін сақтау көлемі 3,9 % төмендеген.

Ұлттық Банк статистиксына сәйкес ақпан айынан бері еліміздегі несиелік ұйымдардың шоттарында 17 трлн. 456 млрд. теңге жинақталған.

Сарапшылардың айтуынша, салымшылар қаражатты бір банктен екінші банкке жиі аударады. 

Сондықтан депозит сақтау жағдайының төмендеуі – уақытша құбылыс. Дегенмен халық өз ақшасын көбіне төл теңгеде сақтағанды жөн санайды екен.

Марат Алменов, екінші деңгейлі банк басшысының орынбасары: 

-Банктер арасындағы депозит үшін бәсеке қызу жүріп жатыр. Халықтың пікіріне жарнаманың әсері көп. Дегенмен теңгенің тұрақтанып жатқаны байқалады. 

Ақпан айының қорытындысы бойынша, жеке тұлғалардың депозиттік салымы 3 трлн. теңгеден асқанымен, жалпы депозитке қаржылық салым деңгейі 5,5% төмендепті.

Марат Алменов, екінші деңгейлі банк басшысының орынбасары:

-Десек те, депозиттің қаржылық құрылымы жоғары деңгейде тұрғанын айту керек. Бұл жағдайда мен қаржыны теңге мен шетел валютасына бөліп сақтау керек.

«Ал компаниялар мен кәсіпорындар теңге мен шетелдік валютада депозиттік салымды азайтып отыр»,  – дейді мамандар. 

Ұлттық банктің дерегінше, қазіргі кезде ішкі нарықта екінші деңгейлі 33 банк тұрақты жұмыс істеп тұр. 

Авторлары: Алмас Садуақас, В.Бовкис, Ерлан Абжанов 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!