Денис Тен қайтыс болды

19:00, 19 шілде 2018

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Пышақ жарақатын алған Денис Тен ауруханада көз жұмды. 

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені  хабарланған болатын. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауы бойынша, спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжал барысында ұрылар Денис Тенді пышақтап кеткен. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Денис Тен — Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 2014 жылы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылы әлемнің күміс жүлдегері атанған, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!