Демалыста не болды?

09:59, 22 сәуір 2019

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — 21 сәуір, жексенбі күні Украинада Президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Экзит-полдың қорытындысына сәйкес Владимир Зеленский мемлекеттің жаңа басшысы болып сайланды.

Украинадағы сайлау әлемнің назарын өзіне аударғаны анық. Президент сайлауының бірінші кезеңі 31 наурызда өтті. Үміткерлердің жалпы саны 39 болды. Дауыс берушілердің басым бөлігі Владимир Зеленский(30,6%) мен елдің қазіргі басшысы Петр Порошенконы(17,8%) таңдады. Экзит-полдың нәтижесінде екі үміткер сайлаудың екінші кезеңіне өтті.

19 сәуір күні «Олимпийский» стадионда екі кандидаттың арасында пікірталас өтті. Деректерге сәйкес, пікірталасқа 22 мыңнан аса азамат қатысты.

Жексенбі күні украиналықтар өз Президентін таңдау үшін сайлау учаскелеріне келді. 21 сәуір күні Киев уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша экзит-полдың нәтижесінде дауыс берушілердің 73,2%-ы Владимир Зеленскийді таңдады. Ал Порошенко бар болғаны 25,3% дауыс жинады.

Зеленскийға ең көп дауысты елдің шығыс бөлігі берді — 87,7%. Ал батыс бөлігінде оны таңдағандар аз (57%) болғанымен, Порошенкодан көп (41,3%) дауыс жинады.

Украинаның жаңа Президентін әлемнің көшбасшылар құттықтауда. Алғашқылардың қатарында Франция басшысы Эммануел Макрон, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, АҚШ президенті Дональд Трамп, Армения лидері Никол Пашинян бар.

Айта кетейік, 1 мамырға дейін ОСК сайлаудың ресми нәтижелерін белгілеуге, ал тағы үш күннен кейін оларды ресми жариялауға міндетті.

Украинаның қазіргі басшысы Перт Порошенко өз лауазымын 30 күн ішінде тапсыратынын мәлімдеді. Президентті ұлықтау рәсімінің ең соңғы күні 2019 жылдың 3 маусымы деп белгіленді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!