Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды

16:51, 24 мамыр 2018
590

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Талдықорған қаласына жаңа әкімді тағайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала активінің отырысында Амандық Баталов қалалықтарға жаңа әкім Дастан Шалтабаевты таныстырды.

“Бағдат Қарасаев жақсы жұмыс істеді. Оның басшылығымен қала дамып, облыс орталығының экономикасы жақсарды. Оның бай тәжірибесін ескере отырып, ол енді менің кеңесшім болады”, – деді Амандық Баталов.

Өз кезегінде экс-әкім облыс басшылығын өзіне сеніп тапсырғаны үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметте жалпыға ортақ іс үшін барын салатынын айтты.

Талдықорған қаласының жаңа әкімі Дастан Шалтабаев өзіне дейін басталған жұмыстарды соңына дейін апаратынын айтты.

“Жыл басынан бері жас әкімдерді тағайындағанымды білесіздер. Ауыл тұрғындарының маған қоңырау шалып, алғыс білдіріп жатқаны ұнайды. Жаңа әкімге де осындай баға алуын тілеймін. Жаңа әкімнен жұмысты жақсы атқаруын талап етемін”, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Баталовтың үкімімен Махаббат Бигелдиев Кербұлақ ауданы әкімінің қызметіне тағайындалды.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!