Данияр Ақышев неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

18:04, 21 ақпан 2019
504

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Германия Федеративтік Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер, Алматы қаласындағы Бас консулы Йорн Розенберг, сондай-ақ неміс компанияларының және неміс банктерінің Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерінің өкілдері қатысты.

Шара барысында Д.Ақышев Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттері, қаржы секторындағы ағымдағы ахуал, сондай-ақ банк секторындағы ахуал туралы айтып берді.

Ұлттық Банк төрағасы мұндай кездесулердің маңызды екенін және шетелдік бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогқа қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!