«Даму» Қорының шағын және орта бизнеске кепілдік беруі толықтай цифрлық форматқа ауыстырылды

17:05, 4 қараша 2021

Биыл 8 қарашадан бастап ШОБ өкілі, банк және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» Қоры) арасындағы кепілдік шартына қол қою тек ЭЦҚ арқылы, онлайн болады.

Бұл – 2021 жылғы 25 қазанда қабылданған және 2021 жылғы 7 қарашада күшіне енетін «Сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына енген өзгерістер мен толықтырулардың арқасында мүмкін болды.

«Бұл, яғни кепілдік беру шартына онлайн қол қою – біздің кәсіпкерлер үшін өте маңызды және айта жүрерлік функция. Оның арқасында процедура ашық өтеді, адамның адамға күні түспейді, кәсіпкердің, әсіресе алыс елді мекендерде жұмыс істейтіндердің уақытына да үнем. Кепілдік сұрайтын өтінімдердің 72%-ы бізге онлайн келіп түседі. Ендеше осы кәсіпкерлердің барлығы кепілдік берілген кезде шартқа да онлайн қол қойғысы келеді. 2021 жылдың үш тоқсанында біз кепілдік сұраған 12,4 мың өтінімді мақұлдадық. Бұл – былтырғы осы кезбен салыстырғанда 1,7 есе артқанын көрсетеді, – деді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

Кепілдікке өтінімді онлайн беру процесі 2016 жылы енгізілген. Оның арқасында кәсіпкерге өз өтінімінің қай деңгейде қаралып жатқанын жеке кабинетінде бақылап отыруға мүмкіндік туды. Ал енді «Даму» Қорының тағы бір бастамасы – кепілдік шартына қол қою да цифрланды.

Қордың тағы бір қолдау құралы – субсидия бойынша шарт жасасқанда ЭЦП арқылы қол қою процесін «Даму» Қоры 2019 жылы енгізген болатын. Ол кезде де тараптардың шартқа қол қою рәсімі бір-ақ жұмыс күніне дейін қысқарып, оңтайланған еді. Кәсіпкерлер бұл опцияны қуана қабылдаған болатын. 2019 жылы ЭЦҚ қолдану арқылы онлайн қол қойылған құжаттар саны 1700, 2020 жылы – 23000 құрады, ал 2021 жылдың үш тоқсанында 36800 шарт пен оларға қосымша келісімдерге қол жеткізілді.

Барлық процесті барынша автоматтандырудың арқасында «Даму» Қоры өтінімдерді толық қамтып қана қоймай, сонымен қатар өтінім берушілерге қызмет көрсету процесін айтарлықтай жеделдете алды.
Сөйте тұра «Даму» Қоры әкімшілік шығындарын азайтып, қызметкерлер штатын оңтайландырды.

«Даму» Қоры – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!