«Даму» қорының басшылары 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысын жария етті

11:34, 27 қазан 2021

2021 жылдың 9 айы ішінде «Даму» қоры қаржы құралдарын қолдана отырып, Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарының (МШОК) несие сомасы 1,7 трлн теңге болатын 33,2 мың жобасына қолдау көрсеткен. Бұл туралы Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен қор басшылары мәлімдеді.  

2020 жылы Қазақстан Үкіметі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың теңдесіз шараларын қабылдаған кезде «Даму» қоры несие сомасы 1,6 трлн теңге болатын 32,6 мың жобаға қолдау көрсетті. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» биыл қолдау алған  жобалар мен несие қоржыны 10%-ға артады деп болжап отыр.

Қазақстан Үкіметі бекіткен дағдарысқа қарсы шаралар пакеті мен экономикалық өсімді қалпына келтіруға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерге «Даму» Қоры арқылы несие қоржыны 826 млрд теңге болатын 19,5 мың жоба субсидия берілді. Берілген субсидия шамамен 17 млрд теңгені құрайды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Даму» Қоры қызмет көрсеткен жылдар ішінде қаржы құралдарын қолдана отырып, несие сомасы 8 трлн теңге болатын 139,1 мың ШОБ  жобаларына қолдау көрсетті.

Анықтама үшін:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржылық қолдау көрсетіп (кәсіпкерлердің несиесінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кәсіпкерлердің несиесіне банктер алдында кепілдік беру), мониторинг жүргізетін қаржы агенті ретінде 1997 жылы құрылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!