«Даму» қоры мемлекеттік бағдарламалардың шағын және орта бизнесті дамытуға әсері туралы айтты

09:37, 23 желтоқсан 2021

Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz — Сараптама бойынша, Үкімет соңғы жеті жылда «Даму» қоры арқылы Шағын және орта бизнесті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен тең деңгейде жеңілдетілген қаржымен қамтамасыз етті. Бұл туралы «Даму» қорына сілтеме жасап 7kun.kz хабарлады.

Осы кезеңге ШОБ қолдау бағдарламаларының бюджеті 857,0 млрд теңгені құрады. Бұл шаралар жалпы сомасы 4,9 трлн теңгені құрайтын 115,4 мың ШОБ жобасын қаржыландыруға мүмкіндік берді.

2014-2020 жылдары банктердің ШОБ несиелері бойынша портфелінің өзгеру динамикасы мемлекеттік қолдау құралдарының өз міндеттерін орындағанын көрсетеді. 7 жыл ішінде ШОБ несиелерінің портфелі 3,2 трлн. теңгеден 4,2 трлн. теңгеге дейін өсті, ШОБ субъектілерінің портфелдегі үлесі 22,9%-дан 26,9%-ға дейін, өңдеу өнеркәсібіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер портфелі 229 млрд теңгеден 337 млрд теңгеге дейін, өнеркәсіптегі ШОБ үлесі 25,2%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап ЕДБ несиелерінің жиынтық портфеліндегі ШОБ үлесінің төмендеуі байқалды. Бұл халық пен бизнес арасында тұтынушылық несиелеу үлесінің тұтынушылық несиелерді алудың қысқа мерзімдері мен рәсімдеудің жеңілдігі арқасында ұлғаюына байланысты.

Сонымен қатар, маркетплейстердің пайда болуы және банктердің өмірдің көптеген салаларымен өнімдерін біріктіруіне байланысты тұтынушылық несиелер кең таралған.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиеге қол жеткізуі инвестициялық қызметін жандандырды. 2014-2020 жылдары шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі капиталына инвестиция көлемі өсіп, нарықты басып озды. Мемлекеттiк бағдарламалардың өңдеу өнеркәсiбiне екпiн берiлуi осы салаға инвестицияның өсуiн ынталандырды. Кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігі ШОБ субъектілері мен жаңа өндірістік кәсіпорындар санының артуына байланысты болды.

Жаңа шағын және орта кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашты. ШОБ субъектілерінің жұмыспен қамтуға қосқан үлесі 39,8%-ға жетті, жекелей алғанда, ШОБ субъектілерінің өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуға қосқан үлесі 47,6%-ға жетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!