«Даму» Қоры қаржы лизингі бойынша бірінші кепілдікті берді

09:16, 22 желтоқсан 2021

Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz — 21 желтоқсанда «Даму» Қоры «Нұрбанк» АҚ ЕК «Нұр лизинг» компаниясы» ЖШС еншілес ұйымының қаржылық лизинг жобасына бірінші кепілдемені сәтті шығарды, деп хабарлады «Даму» АҚ Баспасөз қызметі.

Бұл бағыттағы бірінші тұтынушы ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, атап айтқанда, астық өсіру және мал шаруашылығымен айналысатын «Ақжар Агро» ЖШС болды. Кәсіпорынның 25 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары бар, 5 комбайн, 22 трактор, 3 жүк тиегіш, 10 жүк көлігі және басқа да арнайы техникадан тұратын ауыл шаруашылығы техникаларын пайдаланады.

Компания басым жобаларды несиелендіру және қаржылық лизингке беру тетігі («Қарапайым заттар экономикасы») мемлекеттік бағдарламасы бойынша 40 млн теңгеден астам сомаға қаржы лизингі бойынша арнайы техника алуға өтінім берді. Бұл бағдарлама бойынша кәсіпкер лизингтік компанияның шотына лизингтік актив құнының 30% мөлшерінде өз үлесін қамтамасыз етеді. Лизингтік компания қалған 70% қаржыландырып, кәсіпкер үшін лизингке алынған мүлікті сатып алады. Алайда, техниканың бұзылуы, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі сынды
тәуекелдер болғандықтан, фермерлердің өтініші бойынша лизингтік компанияның комитеті қаржыландыру сомасының 50%-ға дейінгі мөлшерінде Қор кепілдігін қабылдауға шешім қабылдайды.

«Ақжар Агро» ЖШС жағдайында «Даму» Қоры қаржылық лизинг құнының 50%-ға дейінгі мөлшерінде кепілдік берді.

«Даму» қорының несиелерді кепілдендіру/қаржылық лизинг түріндегі мемлекеттік қолдауының арқасында кәсіпкерлер жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейте алады немесе ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде мүлдем жаңа бизнес құра алады.

Кепілдік беру өнімдерінің толығырақ шарттарын, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың басқа да шаралары туралы ақпаратты https://damu.kz сайтынан алуға болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!