«Даму» қоры Бәйтерекке 17,5 млрд теңге дивиденд төлемек

12:47, 25 мамыр 2022

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының жалғыз акционері — «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ — 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту және компанияның таза табысын бөлу туралы шешім қабылдады. Қордың 2021 жылғы табысы — 25 млрд теңге. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ақпаратта белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Құжатта «Даму» АҚ таза табысы өткен жылдың нәтижелері бойынша 25 030 961 175,01 теңгені құрады. Оның ішінде 17 521 672 822,51 теңгені таза кіріс сомасының 70% есебінен дивидендтер төлеуге жіберу жоспарланып отыр. Бұл ретте бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 631,13 теңгені құрайтыны нақтылануда.

Қалған 7 509 288 352,5 теңге сомасын компания өз иелігінде қалдыру туралы шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың наурыз айында Үкіметте кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұлттық даму институты ретінде «Даму» КДҚ-ын бекіту туралы мәселе талқыланған болатын. «Бәйтерек» ҰБХ құрылымын оңтайландыру аясында қорға несиелерді кепілдендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ функционалы берілді. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредиттерді субсидиялау жөніндегі функционалды ауыл шаруашылығы министрлігінен қорға беру мәселесі пысықталған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!