Cyber & Digital Security 2019 басталды

14:16, 16 мамыр 2019

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Нұр-Сұлтанда ақпараттық қауіпсіздік бойынша Cyber & Digital Security 2019 конференциясы басталды, — деп хабарлайды 7kun.kz.

Астана Экономикалық Форумының аясында өтіп жатқан бұл конференцияның жетекшілігі — Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде.

Қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша әлі өршіп тұр. Және қорғанудың әмбебап әдісі әзір табылмайтын сыңайлы. Қауіптер түрленіп, алуандығы мен күрделілігі IT инфраструктурасы бар мемлекеттерден бастап, компанияларға дейін қорғаныс әдістерін ұдайы жетілдіріп отыруға мәжбүрлеп отыр.

Конференцияның спикерлері осы проблематика айналасында әңгіме өрбітпек.

Алдын ала жарияланған, дені шетелдіктерден тұратын конференция қонақтарының лауазымдары конференция тақырыбына сай.

Конференцияда алғысөз сөйлеген Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі вице Асхат Оразбек еліміздің киберқауіпсіздік жөнінен жаһандық көрсеткіші өткен жылдан бері жақсарғанын атап өтті.

Оның айтуынша, әсіресе мемлекеттік сектордағы қауіптерге шұғыл жауап беру жұмысы біршама жетілді.

Халықаралық электр байланысы одағының ТМД бойынша өкілі Кирилл Опарин осы халықаралық ұйымның сәлемін жеткізді.

Оның айтуынша, Қазақстан — цифрлық технологияларды дамыту бойынша аймақтағы үздік елдердің бірі. Сонымен бірге, жаһандық киберқауіпсіздік бойынша 40-орынға көтерілді.

«Оған өткен жылы Әзербайжанда болған киберқауіпсіздік бойынша тренингтер мен жарыстарда қазақстандықтардың топ жарғаны да куә»,- дейді ол.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!