Цифрлық жобалар «Самұрық-Қазынаға» 40,7 млрд теңге әкеледі

16:36, 15 тамыз 2019

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Биыл «Самұрық-Қазына» компаниясында жобалардан 40,7 млрд теңге табыс табуды жоспарлап отыр. Жаңғырту жөніндегі кеңес кезінде компанияның цифрлық трансформациясы мәселелері талқыланды.

Қор басшысы Ахметжан Есімов трансформация бағдарламасы туралы еске салды. Оның айтуынша, ол айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

«Қор трансформация мен цифрландыру бағдарламаларын біріктіріп, оларды барынша тиімді етіп жасады. Сонымен қатар, қор компанияларындағы бизнес-үдерістерді жақсартуға бағытталған, оған кіретін жобаларды іріктеу тәсілі мұқият қадағаланды», — делінген хабарламада.

Деректерге сәйкес, 2018 жылы таза пайда сомасы 28 млрд теңгені құрады, ал 2019 жылы жобалардан күтілетін таза пайда — 40,7 млрд теңге.

«Былтыр біз портфельдік компаниялармен қызу пікірталастар өткіздік, олар күтілетін пайданың үлкен сандарын көрсетіп, осы жобаларға қомақты бюджеттерді бекітуді сұрады. Бізге оларды шынайылыққа қайтаруға тура келді, бірақ енді сол есепке енгізілген жобалар оларға шынымен пайда мен бәсекеге қабілеттілік әкелетінін білеміз», — деді Есімов.

Қор компаниялары тобының басшылары Цифрлық трансформацияның негізгі жобаларын ұсынды: «ҚазМұнайГаз» — МӨЗ-ге күрделу жөндеу аралығы ұлғайтылған кезеңге көшу, «ҚТЖ» — тасымалдау құжаттарын қағаз түрінде ресімдеуден электрондық форматқа көшу, «Қазпочта» — «Қазақстанда В2В2С қызметін дамыту» жобасы.

Жалпы, жаңартылған бағдарламаға қазір 56 жоба мен 98 іс-шара кіреді.

«Самұрық-Қазына» — Қазақстанды цифрландыру бағдарламасындағы басты ойыншылардың бірі. Қордың цифрлық жобалары өте өршіл, және олардың ел экономикасын цифрландыруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін», — деп атап өтті Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиев.

Айта кетейік, цифрлық трансформациялау бағдарламасының мақсаты — компаниялар тобының тиімділігін арттыру арқылы стратегияларды іске асыру және өндірістік проблемаларды шешу.

Еске сала кетейік, өткен жылы осыған ұқсас кеңес барысында Есімов портфельдік компаниялардың бизнес-міндеттеріне сәйкес келетін трансформация бағдарламасын жасауды, «үрейлі цифрлардан» кетуді тапсырды. Бұдан басқа, трансформация арқылы әрбір компанияның кірістілігін арттыруға әкелетін жаңа тәсілдерді табу ұсынылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!