Цифрландыру 3 мыңнан аса қазақстандықты жұмыссыз қалдырады

15:28, 15 қазан 2019
501

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда өндірісті цифрландыруға байланысты 2025 жылға дейін 3,2 мыңнан астам жұмыс орны босатылады. Мұндай болжамдарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде айтты.

Ведомство мұндай көрсеткіш Атырау, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда және Қостанай облыстарында күтіледі деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, еңбек министрлігінде 2018 жылы өндірісті цифрландыру және автоматтандыру нәтижесінде 2,1 мың қызметкер жұмыстан босатылғанын атап өтті. Жыл соңына дейін мұнай және газ, металлургия және тау-кен саласы бойынша тағы да 71 қызметкерді босату жоспарланып отыр.

Бұл ретте министрлік цифрландыру жұмыссыздықтың өсуіне ықпал етпеу үшін ірі кәсіпорындармен қысқартылған қызметкерлерді қайта даярлауға бірлесіп инвестиция салуды және оларды одан әрі басқа салаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді көздейтін қызметкерлердің басқарылатын ағыны бойынша Жол карталарын жасау негізінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 250 қызметкері бар 1,2 мың ірі кәсіпорынның ішінде 1,1 мың кәсіпорынмен (89,5%) Жол картасы жасалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!