ЦентрКредит Банкі мен Касса24 комиссиясыз төлем жасауға келісті

15:30, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – ЦентрКредит Банкінің клиенттері несие төлемдерін енді Касса24 ақпараттық-төлем терминалдары арқылы аудара алады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз төлем қабылдау пункттерінің ауқымды желісі бар Касса24 компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Енді Банктің клиенттері кредит бойынша төлемдерді тағы бір ыңғайлы тәсіл – Касса24 ақпараттық-төлем терминалдары арқылы жасау мүмкіндігіне ие болды. Бұл операциялар бойынша комиссия алынбайтынын ерекше атап өткім келеді. Сөзсіз, бұл – осы төлем тәсілінің қосымша артықшылығы», – деді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Ишмуратов.

Төлем жасау үшін терминалдың мониторындағы «Қызметтерге төлем жасау» – «Қаржы ұйымдары» – «Centercredit» таңдап, қарыз алушының ЖСН-ін енгізуі қажет. Егер қарыз алушы ЦентрКредит Банкінен бірнеше кредит алған болса, банктің қарыз шартының нөмірін таңдауы керек. Кейін қажетті сома енгізіледі. Қаражатты аудару онлайн режимінде жүзеге асады.

«Біз төлем терминалдарының Қазақстанның әрбір тұрғыны қолжетімді болғанын қалаймыз, әрқашан клиенттің жанынан табылғымыз келеді. Міне, сондықтан Касса24 терминалдары желісінің ауқымын үнемі кеңейтіп отырамыз. ЦентрКредит Банкімен ынтымақтастық – бұл біз үшін және біздің төлем жүйемізді тұтынушылар үшін өте маңызды оқиға. Енді кредитті төлеу үшін кезекте тұрып, жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, жақын жердегі Касса24 терминалын немесе Plus24 мобильді қосымшасын пайдалансаңыз болды,» – деді SPEKTR басқарушы компаниясының директоры Владимир Руппель.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!