БЖЗҚ «Қазақстан темір жолы» АҚ құнды қағаздарын сатып алды

15:36, 3 қазан 2019

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) «Қазақстан темір жолы» облигацияларын 20 млрд теңгеге сатып алды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы мәлімдеді.

«2019 жылдың 12 қыркүйегінде БЖЗҚ зейнетақы активтері 20 млрд теңгеге 15 жыл айналым мерзімімен және жылдық 11,5% сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстан темір жолы» облигацияларын инвестициялады. KASE мәліметтеріне сәйкес, аталған қағаздарға сұраныс ұсыныстан 1,3 есе асып түсті», – деп атап өтті ұйымда.

Еске сала кетейік, «Қазақстан темір жолы» 12 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында (KASE) бағалы қағаздарды орналастырып, 40 миллиард теңге тарты.

Ақпаратқа сәйкес, БЖЗҚ бұған дейін ҚТЖ-ның бағалы қағаздарын 2014, 2015 және 2016 жылдары 6,95%-дан 7,72%-ға дейінгі ставкалар бойынша сатып алған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!