Бюджетке түсетін түсімдер 510 млрд теңгеге өсті

11:16, 11 маусым 2019

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — Жыл басынан бері бюджетке 3 трлн 800 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 510 млрд теңгеге артық, деп Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Бес айдың қорытындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейінде кіріс өсімі байқалады: мемлекеттік бюджет – 115,5%, республикалық бюджет – 119,3% және жергілікті бюджет – 106,3%. 2018 жылдың бес айымен салыстырғанда шығыстардың орындалуы жақсарды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 3 трлн 800 млрд теңге кіріс түсті, бұл жоспардың 105,4%-ын құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджет кірісі 510 млрд теңгеге өсті. Республикалық бюджеттің кірісі 2 трлн 783 млрд теңгені құрады. Жоспар 2,7%-ға немесе 73 млрд теңгеге артық орындалды. Асыра орындау негізінен салық есебінен қамтамасыз етілген. Оның ішінде экспорттық кедендік баж салығы мөлшерлемесінің өсуі және бірқатар салаларда тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуі», – деді министр.

Оның айтуынша, жоспар корпоративтік табыс салығы мен импортқа қосылған құн салығы бойынша тиісінше 17 және 38 млрд теңгеге орындалмаған. Бұл екінші деңгейлі банктердің табыстылығының төмендеуімен байланысты. Ал импорттағы ҚҚС бойынша орындамау бірқатар ірі салық төлеушілердің түсімдерінің азаюына байланысты

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!