БҰҰ-ның рұқсатынсыз Сирияға әскер жібермейміз — Сыртқы істер министрі

14:38, 24 маусым 2017
501

Астана. 24 маусым. 7kun.kz — ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Сирия мәселесін шешу жолында Қазақстан ешкімнің ықпалына түспейді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Астана процесінің өзі еліміздің ортақ іске қосқан үлкен үлесі болып саналады. Ал қақтығыс аймақтарына әскер жіберу мәселесі тек БҰҰ деңгейінде ғана қаралуы шарт.

«Сирия дағдарысын шешу жолында Қазақстан да, Қырғызстан да ешкімнің ықпалына түспейді. Иә, қазіргі кезде аталған екі мемлекет БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына атсалысып келеді. Қазақстан мен Қырғызстан өз бітімгерлік күштерін 16 миссияның құрамында қызмет атқаруға дайындап жатыр. Аталған миссияларда 125 мың офицер мен солдат бар. Содан болар, Сириядағы деэскалация аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне келгенде Қазақстан мен Қырғызстан жайында айтыла бастады», — деді Әбдірахманов Еуразиялық медиа форумның бүгінгі сессиясында.

Министрдің айтуынша, бітімгерлік күштерді бірнеше ұйымның аясында пайдалануға рұқсат бар. Осы жолы Қазақстан мен Қырғызстанның бітімгерлік күштерін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының аясында қолдану туралы ақпарат шықты.

«Дегенмен, аталған мәселе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарастырылған жағдайда ғана Қазақстан өзінің бітімгерлік күштерін қақтығыс аймақтарына жіберетін болады. Ұйымның ресми резолюциясы мен мандаты берілуі шарт. Сонда ғана Қазақстан да, басқа да мемлекеттер бітімгерлік күштерін тиісті жерге жібере алады», — деп атап өтті министр.

Қайрат Құдайбергенұлы Сирия жеріне бітімгерлік әскерді жіберу бойынша ресми келіссөздердің жүргізілмей жатқанын тағы бір мәрте еске салып, Астана процесінің өзі еліміздің ортақ іске қосқан үлкен үлесі екенін жеткізді.

Источник: 7kun.kz

Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!