Бұл соғыс қашан аяқталары белгісіз – НАТО

Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz – НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы соғыстың қашан және қандай жағдайда аяқталатынын нақты болжау мүмкін емес екенін Rzeczpospolita басылымына айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Rzeczpospolita басылымына сұқбат берген Йенс Столтенберг НАТО-ның алдында екі міндет тұрғанын мәлімдеді. Оның бірі: Украинаға қолдау көрсету, екіншісі: эскалацияны болдырмау, яғни соғыстың күрделеніп, ары қарай таралуына жол бермеу.
«Соғыс туралы нақты болжам айту қиын. Ешкім сенімді түрде оның қашан аяқталатынын айта алмайды. Біздің басты міндетіміз — НАТО елдерінде тұратын барлық одақтастарды, бір миллиард адамды қорғау. Украинадағы соғыс жиіркенішті әрі қатыгездіктің көрінісі. Біз бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандарды, бомбалауды, қираған, ойран болған қалаларды көріп жатырмыз. Бұл соғыс НАТО мен Ресей арасындағы толыққанды соғысқа айналса, ол одан да көп зиян келтіреді» — деді Столтенберг.
Бас хатшының айтуынша, НАТО сол себепті соғысқа тікелей араласпай, тек Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын білдіріп жатыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 30 маусым 2022
Ұлттық Банк төлем карталарының банкаралық жүйесін коммерциялық пайдалануға берді
-
10:05, 30 маусым 2022
Солтүстік Қазақстанда жастар мен еңбекке жарамды халық азаюда
-
18:39, 29 маусым 2022
Каспий экожүйесін сақтау Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі – Тоқаев
-
10:26, 28 маусым 2022
Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
-
17:27, 27 маусым 2022
Үш миллионға жуық қазақстандықтың кредитін кешіру жолы айтылды