«Бұл ақпараттық соғыс»: Медведев парақшасының бұзылуына қатысты пікір білдірді

14:54, 4 тамыз 2022
3698

Ресей. 4 тамыз. 7kun.kz – Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасы бұзылғанын хабарлады. Бұл туралы ол РИА Новоси агенттігіне берген сұқбатында айтты.

1 тамызда кешкі уақытта Медведевтің парақшасында геосаясатқа арналған жазба жарияланып, артынша өшірілген болатын.

«Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Одан ешкім сақтандырылмаған. Мен премьер-министр болған кезде де осындай шабуылдармен күресуге тура келді. Бұл жаңа ғана біз айтқан ақпараттық соғыстың бір көрінісі», – деді Медведев.

Ол құзырлы органдар мен әлеуметтік желі әкімшілігі тексеріс жүргізіп жатқанын және кінәлілердің жазасыз қалмайтынын айтты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!