Бүгіннен бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды

13:41, 1 қаңтар 2020

Алматы. 1 қаңтар. 7kun.kz — Бұған дейін жоспарланғандай Қазақстанда МӘМС жүйесі бүгіннен бастап іске қосылды. 

Бұл бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна аударуды бастаған болатын.

Жұмыс берушілер жалақы қорынан 2%, жұмысшылар — жалақының 1% төлейді.

Жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибесімен айналысатын тұлғаларға және шаруа қожалықтары еңбекақының 5% немесе азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істейтіндер үшін — кірістің 1%, дербес төлеушілерден — ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% алынады.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына
жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмектің тең,
қолжетімді болуына кепілдік береді.





Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!