Бүгін әйгілі “ВАЗ-2106-ның” туған күні

13:24, 21 ақпан 2018

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Дәл бүгін ел арасында Жигули немесе «Шестёрка» атанып, кескін-келбеті өзгерместен, ғұмыры ұзаққа созылған автокөліктің бірі – ВАЗ-2106-нің зауыттан шыққанына 2 жыл болды.

1976 жылы 21 ақпанда ВАЗ автозауытының басты конвейерінің үшінші желісінен ең бірінші данасы шығарылды. 4,3 данасы шығарылған бұл көліктің «ғұмыры» 2006 жылға дейін жалғасты. ВАЗ-2106 1974 жылы ВАЗ автозауыты инженерлерінің «21031 жобасы» ретінде басталады. Алайда кейін көліктің сыртқы келбеті сәл өзгеріп, «2106» маркасымен конвейерден шықты.

Бұдан кейін әр жылы көліктің двигателі, ішкі жабдықтары мен жүріс бөлігіне өзгеріс еніп отырғанымен сыртқы келбеті соңғы көлікке дейін өзгеріссіз қалды. Әр өзгеріс ВАЗ-2106 атына 1,2,3 деген реттілікпен қосылып отырды. Мысалы: ВАЗ-21061 Канада нарығына арналып шығарылғандықтан сыртқы келбетіне сәл өзгері с жасалды. ВАЗ-21062 шетелдік нарыққа арналып, рөлі оң жақта орналасқан. ВАЗ-21063 май қысымын өлшеуге арналған құрылғымен жабдықталған. Осылайша ВАЗ- ВАЗ-21066-ға дейін барады.

ВАЗ-2106 тек Тоьятти зауытында 1976-2006 жылдары, 1998 жылдан бастап Сызрандағы «Рослада» зауытында, 2001 жылы Украинаның Херсон қаласындағы Анто-Рус зауытында, 2002 жылдан бастап Ижевскідегі «Ижавто» зауытында құрастырылды. Бұл зауыттарда 06-нің пикап түрі, Л.Брежнев үшін құрастырылған жалғыз дана түрі де құрыстырылған. «Шестёрка» КСРО кезінде ең беделді автокөліктің бірі болды. Кейін одақ тарап, шетелдік көлік жаппай келе бастаған тұста да қарапайым адамдар арасында сұранысқа ие көлік саналды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!