Brent мұнайының бағасы қымбаттады

13:00, 17 сәуір 2019

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:02-де Brent маркалы мұнай қоспасының маусым фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 72,03 долларды құрады.

Бұл — өткен жылдан бері өзгерген ең жоғарғы баға.

Мұнайдың әлемдік құны АҚШ-тағы шикізат қоры туралы ақпарат аясында өсті. Шикізат қоры екі апта алдын 4 млн баррельге артып, кейіннен 3 млн баррельге қысқарды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ОПЕК 2019 жылы қара алтынның негізгі жеткізушілері АҚШ, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания, Австралия, Гана және Судан болады деп хабарлады. Индонезияда, Вьетнамда, Қазақстанда, Мексикада, Норвегияда төмендейді. Өз кезегінде, Қазақстан 2019 жылдың сәуірінде мұнай өндіруді тәулігіне 70 мың баррельге қысқартуы мүмкін.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!