Бразилиялық компания Avon-ды сатып алады

11:47, 23 мамыр 2019
640

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Америкалық косметикалық Avon Products өндірушісі The Body Shop маркалы бразилиялық Natura Cosmeticos компаниясына сатылады, деп хабарлайды The Wall Street Journal (WSJ). Екі компанияның директорлар кеңесі келіссөздердің бірнеше айларынан кейін мәмілені мақұлдады.

Financial Times (FT) мәліметтері бойынша, Avon бизнесі 2 млрд доллардан астам бағаланған. Natura Cosmeticos мәміле қорытындысы бойынша компанияның 76%-ын алады, қалған бөлігі Avon акционерлеріне тиесілі болады.

Avon акциялары 22 мамыр күні Нью-Йорктегі алдын ала сауда-саттықта 20%-дан астам бағаға көтерілді. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша олардың құны 3,2 долларды құрады, бұл 1,42 млрд долларды капиталдандыруға сәйкес келеді.

Avon-ды сатып алу «Natura Cosmeticos» компаниясының Азия, Еуропа және Латын Америкасы нарығында дамуына көмектеседі. Бразилиялық компания 2017 жылы The Body Shop-ты сатып алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!