Бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішевтің бір топ бизнесменмен түскен суреті желіге тарады

14:35, 19 наурыз 2020

Белгілі бизнесмен Арманжан Байтасов instagram парақшасында Мұхтар Жәкішевпен түскен суретін жариялады. 

«Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығып, үйіне келді» деп жазылған суретте.

Жәкішевті ортаға алып түскендердің қатарында Арманжан Байтасовтан бөлек белгілі бизнесмендер Нұрлан Смағұлов, Райымбек Баталов, Болат Әбілов бар.

Айта кетейік, Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынын айырылған. Оған «Пара алу», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу және талан-таржыға салу» деген айып тағылған еді. 2012 жылы алаяқтық, қызмет бабын асыра пайдалану, бөтеннің мүлкін иелену, құжаттарды қолдан жасау айыбы қоса тағылды.

Ол 2018, 2019 жылдары мерзімінен бостау туралы өтініш бергенімен сот қамауда қалдыру туралы шешім қабылдаған. Тек үшінші рет берген өтінішін 3 наурызда №2  Семей қалалық сотының төрағасы Жанат Абенова қарап, босату туралы шешім шығарған.

Бүгін бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішевті туыстары мен бір топ адам күтіп алған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!