Бөлшек сауда айналымы 10 трлн теңгеге жуықтады

16:27, 11 желтоқсан 2019
492

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында бөлшек сауда шамамен 9,9 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға көп.

Жалпы сауда көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі 32,8%-ды (3,2 трлн теңгеден астам), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 67,2%-ды (6,7 трлн теңгеге жуық) құрады.

Бұл ретте азық-түлік саудасы 5,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар — 5,5%-ға өсті.

11 ай ішінде ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 58,5%-ды (5,8 трлн теңгеден астам), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі 41,5%-ды (4,3 трлн теңгеден астам) құрады.

Елдегі көтерме сауда жыл басынан бері 22,4 трлн теңгеден асты (өсім 8,1%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!