BMW компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

11:03, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Немістің BMW автоконцерні директорлар кеңесінің жаңа төрағасын тағайындағанын хабарлады. Төраға Оливер Циспе болды.

«Оливер Циспе 2019 жылдың 16 тамызынан бастап BMW AG Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Бұл шешімді бүгін жиналыста бақылау кеңесі қабылдады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Циспе директорлар кеңесінде 2015 жылдан бастап болды және қазіргі уақытта өндіріс бөліміне жауапты. Компанияда 1991 жылдан бастап жұмыс істейді, осы уақыт ішінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!