Блоктар тізбегінде қазақстандық консалтинг маркетплейс Еуропада іске қосылады

15:44, 12 қаңтар 2018

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Кәсіпорындарды, зауыттарды және фабрикаларды сандық бейнелеу және білікті мамандарды іздестіру мәселесін шешу мақсатында G-Global бизнес-порталының консалтингтік базасы іске қосылады. Бұл жоба Эстония парламентінің депутаты, Орталық партияның бас хатшысы Михаил Корбуға ұсынылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Депутат қазіргі заманғы әлемдік экономика адами ресурстардың сапасына деген сұраныстың артқанын айтты. 

«Жаңа өндірістер мен трендтердің пайда болуы әртүрлі елдердің еңбек нарығында тиімді мамандарға сұраныс туғызады», – деді ол.

Осы орайда кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, сарапшылар, инвесторлар мен жобаның бастамашылары арасында өзара қарым қатынас орнату бойынша G-Global бизнес-порталы халықаралық платформасы әзірленді.

G-Global бизнес-порталының халықаралық тобы сараптамалық қызметтер үшін маркетплейс құрады. Яғни орталықтандырылмаған блокчейн хаттамаларында құрылымдалған өзара әрекеттесудің түбегейлі жаңа платформасы құрылады. G-Global Business Portal платформасының механизмдері платформалық өзара әрекеттесу бойынша кеңесшілер, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Эрик Маскин мен Алвин Роттың қатысуымен құрылған. 2017 жылдың қарашасында G-Global бизнес-порталының жоба менеджері Денис Цыро Гарвард университетінде Алвин Ротпен және Стэнфорд университетінде Эрик Маскинмен Эстониядағы платформаны дамыту туралы келісімшарттарға қол қойды.

Айта кету керек, ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы Үйлестіру кеңесінің төрағасы академик Ханон Барабанер G-Global бизнес-порталының ғылыми жетекшісі. Сондай ақ, ОҚО дағы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы – G-Global жобасы іске асыруды қолдайтын Орталық Азиядағы негізгі аймақтық серіктес болып табылады.

Экономиканың нақты секторын цифрландыру кезінде адам ресурстарын басқару бағытындағы кеңесші – Сергей Сергиенко (ChronoBank) болып есептеледі. Бұл орайда G-Global бизнес-порталының жетекшісі Денис Цыро ChronoBank жүйесін консалтинг маркетплейс алаңына біріктіру қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, токен TIME – ChronoBank-тың элекетронды ақша жүйесі қызметкердің нақты тиімділігін өлшейді және қызметкердің кәсіпорында пайдасы туралы ақпарат береді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!